«Қасиетті Қазақстан» жинағының IV-ші томы жарық көрді

Кең даламыздың киелі жерлерін түгендеп, жүйелі танымдау. Осы мақсатта  қолға алынған «Қасиетті Қазақстан» бес томдығының төртінші бөліміне 100-ден астам тарихи жерлер, киелі орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілді. Ұлттық мұражайда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан мен Павлодар өңірлеріндегі құнды мұралар қамтылған энциклопедиялық жинақ көпшілікке таныстырылды. Салтанатты шараға кітапты тың деректермен жинақтауға тікелей атсалысқан, тарихшылар, өлкетанушылар, зерттеушілер мен ғалымдар қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін жарық көрген бөлімдерінде кең байтақ еліміздің өзге де аймақтардағы тарихи-мәдени жерлері мен нысандарының тізімі жасалған. Ол Алматы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда мен Батыс Қазақстан өлкелері және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары.

БАТЫРХАН ЖҰМАБАЕВ, «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - 4-ші том Абайдың 175 жылдығын кең көлемде атап жатқан кезбен тұспа-тұс келіп, тұсауы кесілді. Сондықтан ұлы ақынның туған өлкесі енді. Кітап екі тілде 2 мың данамен басылып шықты. Оның 1000-ы қазақша, тең жартысы орыс тілінде. Бұл – 5 жылға жоспарланған жоба. Келесі жылы 5-ші томды жарыққа шығару көзделген. Соңғы жинаққа киелі Түркістан өңірі мен Шымкент қаласының қасиетті жерлері кіреді деп жоспарланған.