Қазақстанда жаңа министрліктер құрылады

Қазақстанда жаңа министрліктер құрылады

Қазақстанда екі бірдей жаңа министрлік құрылады. Бұл жөнінде Президент өз Жолдауында мәлім етті. Оның бірі су ресурстары және ирригация министрлігі.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ел үшін тіршілік көзінің маңызы мұнай, газ немесе металдардан кем емес. Айтуынша, 2040 жылға қарай халық пен экономиканың өсу қарқынын ескерсек, елдегі су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Сондықтанда су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту ісі дербес ведомствоның мойнына жүктелуі тиіс. Жаңа министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі жұмыс істейтін болады. Бұған қоса, Мемлекет басшысы суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту қажеттігін баса айтты. Жалпы 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасын және 3 жарым мың шақырымдық канал жаңғыртылады. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу


Сонымен қатар, Үкімет Көлік министрлігімен толығады. Жаңа ведомства жол инфрақұрылымын салуға жауапты болмақ. Президент - Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттырып, көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуы тиіс  деді. Ол үшін елде теңіз инфроқұрылымы мен транзиттік әлеуетті арттыруға басымдық беріледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқанын ерекше атап өтті.