Қазақстандықтар ел Конституциясына түзетулер үшін дауыс берді

Қазақстандықтар ел Конституциясына түзетулер үшін дауыс берді

Қазақстандықтар ел Конституциясына түзетулер үшін дауыс берді. Тұрғындардың  75%-тен астамы Ата заңға өзгерістерді қолдады. EXIT POLL қорытындысы осындай. Сауалнаманы «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты, «Қоғамдық пікір» және «Демократия» институттары өткізген. Ресми мәліметке сәйкес, референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміне 12 миллионға жуық адам тіркелген. Сайлау бюллетеньдерін 8 миллионнан астам азамат алды. Түркістан облысында сайлаушылардың 80,66 проценті дауыс беріп, көш бастады. Ең аз дауыс берушілер Алматыда - 33,3 процент.