4 миллионға жуық қазақстандықтың жалақысы артады. Халықтың табысын арттыруға бағытталған нақты шаралар арнайы бағдарламада қарастырылған. Еске сала кетейік, құжат мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бюджет саласы және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі.