Әлемге әйгілі қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қазақстандағы ЮНИСЕФ миссиясын қолдайтын мәдениет пен спорт өкілдерінің жаһандық қоғамдастығына қосылды. Салтанатты тағайындау халықаралық Ұйымның 80 жылдығына орайластырылды. Мария Мудряктің ЮНИСЕФ досы мәртебесіне ұсынылуына 2025 жылғы ұйымның қайырымдылық кешін белсенді қолдауы ықпал еткен. Оның барысында Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау жүйесін дамытуға 283 млн теңге жиналды. Бүгінде ЮНИСЕФ 100-ден астам елде 400-ге жуық амбассадормен жұмыс істейді және олардың барлығы ұйымның миссиясын ерікті негізде қолдайды.
Мария Мудряк, Опера әншісі, Қазақстандағы ЮНИСЕФ досы
- ЮНИСЕФ болашаққа бағдарланған ұйым. Себебі балалар біздің елдің ғана емес,
барша адамзаттың болашағы. Сондықтан әр баланың лайықты жағдайда өскені
маңызды. Мен инклюзивті білім беру бағытына көбірек көңіл бөлемін. Менің
ойымша, мүмкіндігі шектеулі әрбір бала білім алуға тең құқылы, сондай-ақ
олардың ата-аналарын қолдауға бағытталған жұмыс жүргізілуі керек.
Рашед Мұстафа Сарвар, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі:
- Мария Мудрякты ЮНИСЕФ-тің досы етіп тағайындадық. Біз танымал адамдардың
қоғамға ықпалын бағамдап отырмыз. Біз оларды іріктеуге өте мұқият келеміз: олар
тексерудің түрлі кезеңдерінен өтеді. Тек содан кейін ғана біз адамды ЮНИСЕФ-тің
досы етіп тағайындай аламыз, ал келесі саты ізгі ниет елшісі мәртебесі болады.

