Қазақстан мен Оман ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Оман ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Оман араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз саналатынын, Қазақстанның ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық байланысын арттыру әлеуеті талқыланды. Әсіресе, энергетика, металлургия, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландырудағы ықпалдастыққа назар аударылды. Қазақстан Президенті Оман Сұлтанының Астанаға сапарын күтетінін атап өтті және Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты бауырлас халыққа қолдау білдірді. Зиязин бен Хайсам Әл Саид Оман тарапы да ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады. Кездесу соңында Оман өкілі I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?