Қазақстанда жанар-жағармай станцияларында дизель отынын сатуды есепке алатын арнайы жүйе іске қосылды. Енді шынайы уақыт режимінде 230-260 теңге бағамен саудаланатын отынның тәуліктік көлемін бақылап отыруға мүмкіндік бар. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, сервисті әзірлеу бюджеттен шығын талап еткен жоқ. Және Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және Мемлекеттік кредиттік бюроның деректер базасынан құжаттарды тексеруді көздейді. Қазіргі уақытта елдегі 2 мың жанармай станциясына логиндер мен парольдер ұсынды, оның ішінде 271-і жүйені іс жүзінде қолдана бастады.