Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Кездесу барысында ол мемлекет басшысына өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде өзі қызмет атқарған Жамбыл облысындағы әлеуметтік мәселелер мен атқарылған жобалар жайлы баяндады.
Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылығын әлсіретіп алмай, одан әрі дамыту жөнінде, сондай-ақ, жергілікті билік пен ата-аналардың бірлесе отырып, балаларды еңбекке баулу ісін қолға алу туралы ұсыныстарын айтты.