Қазақстанда ең ірі инклюзивті жүгіру жарысы өтеді

Қазақстанда ең ірі инклюзивті жүгіру жарысы өтеді

Астанада Run for Autism IV қайырымдылық жүгіру жарысына тіркеу жүріп жатыр. Биылғы жаппай жүгіру додасы 26 сәуірде Астанадағы Ботаникалық бақта өтеді. Алдыңғы үш жыл ішінде оған 6 жарым мыңға жуық адам қатысып, жиылған қайырымдылық қаржатына 25 инклюзия кабинеті ашылды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар педагогтерге арнап оқу курсын әзірлеп, Орта Азиядан 4 мыңнан астам маманды қамтыған. Мұндай инклюзияны қолдауға арналған халықаралық спорттық бастама жыл сайын Нью-Йорк, Лондон, Берлин және өзге де әлемнің ірі қалаларында өткізіледі. Мұнда кәсіби спортшылар, даму ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер, өзге де белсенді азаматтар 1 ден 10 шақырымға дейінгі қашықтықты бірге жүгіреді.

Самал Әлбілекова, «Bolashak Charity» ҚҚ инклюзивті және әлеуметтік жобалар жетекшісі:

- Бұл тек қана біздің елімізде ғана емес, ТМД елдеріндегі ең ірі инклюзивті жүгіру жарысы деп айта аламыз. Тіпті, осында жүрген шетел азаматтары да әдейілеп осы ерекшеліктері бар адамдарды қолдауға келіп қатысып жатады. Енді бұл балалар мектепті бітіріп жатыр, біз ары қарай олардың кәсіби білім алуына көмектескіміз келеді. Сондықтан биылғы Run for Autism осы жасөспірімдер мен ересектерге арнайы кәсіби білім беруге бағытталады. Биыл ең үлкен көлемді күтіп жатырмыз, 5 мыңға жуық жүгіруші келіп қатысады деген үміттеміз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?