Сеулде барлығы әлемнің 70 елінен 800-ге тарта туристік компания жиналды. Еліміздің туристік әлеуетін Алматы өңірінің әкімдігі ұсынды. Көрме қонақтары ақпараттық стендпен танысумен қатар отандық актерлер мен музыканттардың өнерін тамашалады. Қазыналы елдің салт-дәстүрін танып, ұлттық тағамдардан дәм татты.
Айбар Теменов, Алматы облысының туризм басқармасының бастығы:
- Біздің санаумыз бойынша 40-50 мың адам біздің стендті корген болатын, тамашалаған болатын. Және соның нәтижесінде біздің ұйымдастрыған ұлттық аспатарымыз бар, өзіміздің қолөнеріміз бар. Бұған қоса өзіміздің нақышта апарған құртымыз бен қазымыз, бауырсақ бар. Соның барлығын сол жақтағы халыққа паш еткен болатынбыз. Осының нәтижесінде SITF кормесінде біз ең үздік креативті ең үздік шоу-бағдарлама аталымын жеңген болатынбыз. Осылай біз ары қарай халықаралық туристік имидждік жәрмеңкеге қатысуымыз керек. Өйткені бұның нәтижесін біз қазірден бастап көрудеміз. Сол себептен жұмыс жалғасуда.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанға таңғы самал елінен 16 мыңға тарта турист келген. Жақсыны көрмекке. Шетелдік меймандар еліміздің бай тарихы, мәдениетімен танысып, сұлу табиғат аясында саяхат құрды.