Қазақстанда астық мөлшері жеткілікті. Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Айдарбек Сапаров елімізде бұған дейін тараған бидай тапшы деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның дерегінше, 1-ші сәуірдегі жағдай бойынша Республикада 6,4 млн тонна бидай бар. Вице-министр ішкі қажеттілікті ескерсек, бұл көлем елді қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті. Тіпті, астықтың бір бөлігін экспортқа да шығаруға болады. Оның айтуынша, мәселе бидай тапшылығында емес, оның бағасында.
Айдарбек Сапаров, ҚР ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі:
– Бұған дейін ұн тартатын кәсіпорындар бидайды арзан бағаға Ресейден импорттап келген. Әсіресе, шекаралас облыстар: Павлодар, Солтүстік Қазақстан. Алайда Ресей дәнді дақылдарды сыртқа шығаруға тыйым салғаннан кейін бұл баланс бұзылды. Көрші елдің мұндай шешімі диірменшілерді астықты тез арада ішкі нарықтан сатып алуға итермелеп отыр. Ал ішкі нарықта тиісінше бидай бағасы өскен.
Автор: Жеңіс Ермұқанов