Қ.Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасын қабылдады

Қ.Тоқаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» басқарма төрағасын қабылдады

«Бәйтерек» алдағы екі жылда Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын қолдау ауқымын екі есе арттырмақ. Сондай-ақ инвестиция тарту және коммерциялық банктерді өңдеу өнеркәсібі жобаларын кредиттеуге жұмылдыру жұмыстары жандана түседі. Бұл туралы Мемлекет басшысына  холдингтің басқарма төрағасы Нұрлан Байназаров мәлімдеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің биылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары туралы баяндалды. Президентке ұсынылған деректерге сәйкес, осы уақыт ішінде инвестициялық жобалар 500 млрд теңгеге, ШОБ-тің 18 мың жобасына қолдау көрсетіліп, шамамен 1 триллион теңге көлемінде кредит берілген. Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 447 миллиард теңге қаржы бөлінген.