Қазақстанда 2026 жылы су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 2026 жылы су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады

Қазақстанда су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Оны келер жылы іске қосу жоспарланған. Жүйеде жерүсті және жерасты суы, гидротехникалық құрылысжайлар мен өзге де су шаруашылығы нысандары туралы мәліметтер жинақталады. Ақпараттық жүйені енгізу нәтижесінде су ресурстарын есепке алу және басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректерін қолдану көзделіп отыр. Бұл елдің су балансын, экономика мен азаматтардың суға деген нақты қажеттілігін анықтауға, су ресурстарын пайдалануды талдауға және бақылауға, сондай-ақ су тапшылығы мен төтенше жағдайлармен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, жүйені әзірлеу Еуразиялық даму банкінің гранттық қаражаты есебінен жүргізіледі.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

– 2006 жылы біз оны іске қосуымыз керек. Ол деген не? Ол кез-келген азамат сол ақпараттық жүйеге кіріп, өзіне мәлімет алу керек – жалпы Қазақстандағы судың жағдайы қандай. Осыған құрметті әріптерстер күнделікті, жүйелі түрде үлкен жауапкерлішікпен ат салусы керексіздер. Себебі, біздің қызметкерлер испекцияның сонымен бірқатар «Қазсушар» қызметкерлері сол базаға мәлеміт енгізеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?