Стратегиялық шешімдер халық құзырында

Стратегиялық шешімдер халық құзырында

Қазақстандықтардың референдумдағы жоғары белсенділігі – биліктің өзекті мәселені талқылау және ел үшін стратегиялық шешімге қатысу ұсынысына саяси мәдениеті қалыптасқан қоғам жауабы. Отандық саясаттанушылардың пікірі осыған саяды. Олардың пайымынша, референдум - бұл демократияның жоғары үлгісі және халық үніне құлақ асатын мемлекет саясатының жарқын көрінісі. 

Таисия Мармонтова, «Еуразиялық мониторинг» талдамалы зерттеу орталығының саясаттанушысы:

– Жоғары белсенділік нені білдіреді? Ең алдымен, бұл халықтың сенім деңгейін көрсетеді. Екіншіден, қоғамның азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігінің жетілгендігін білдіреді. Азаматтар өте маңызды таңдауда әрбірдауыстың қажеттігін жақсы түсінетіндігінің белгісі. Бұл дегеніміз уақыт талабына сай бейбіт атомды дамытатын алпауыт елдер қатарына кіру мүмкіндігін ұғынған, ол үшін байыпты шешім қабылдауға жетілген ұлттың жауабы.

Айдана Ақесина, саясаттанушы:

– Адамдардың нақты ұстанымы бар. Ел халқы қоғамдық-саяси өмірге қатысуға ниетті. Яғни олар тікелей шешім қабылдау үрдісінің бір бөлігі болғысы келеді. Себебі референдум - бұл тікелей демократияның тетігі. Яғни, бұл қандай да бір органдар арқылы жанама түрде қатысу емес. Бұл тікелей әр азаматтың даусы ескерілетін шара.