Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының атқарушы хатшысын қабылдады. Асхат Оралов ел аймақтарында жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері жөнінде баяндады. Наурыз айынан бері Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тұрғындармен кездесті. Маусым айының соңына дейін қабылдауларды жалғастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Асхат Оралов «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «Talqylau» диалог алаңының іске қосылғаны жөнінде баяндады. Президент тұрғындармен кері байланыс жасау ісін күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту қажеттігіне баса мән берді.