Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қаңтар күндері «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін іс-шараға ел Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен барады. Айта кетейік, жыл сайынғы халықаралық форум тұрақты даму, экология және жаңартылатын энергия көздері мәселелеріне арналған. Әлемдік көшбасшылар, сарапшылар мен бизнесмендер климаттық өзгерістер мен энергетикалық трансформация саласындағы шешімдерді талқылайды.
Авторы: Әсел
Күшенғалиева

