Jibek Joly және Silk Way телеарналары жаңа маусымын ұсынды

Jibek Joly және Silk Way телеарналары жаңа маусымын ұсынды

Jibek Joly және Silk Way телеарналары жаңа маусымын ұсынды. Ол қызықты жаңа жобаларға толы болмақ. Алматыдан Сеулге дейін, Ереваннан Ұлан-Батырға дейінгі көрермен қауымды тұсаукесерлер, тікелей эфирлер, бірегей музыкалық жобалар біріктіреді. Олардың бірі - «Silk Way Star» мега тешауы. Байқау қазірдің өзінде Еуразияның жаңа мәдени брендіне айналып отыр. Онда 12 елдің әншілері өз өнерлерін паш етуде. Тұсаукесері біздің және жобаға қатысушы елдердің арналарында 20 қыркүйекте көрсетіледі.


Хун Бин, Silk Way Star әділқазы мүшесі, Қытай:

- Біз жобаның 5 эпизодын түсіріп үлгердік.  Барлық үміткерлер өте мықты. Күні кеше байқаудың ең маңызды дәстүрлі музыка кезеңі өтті. Онда қатысушылар төл мәдениеттерін таныстырды. Өте әсерлі болды. Келесі жылы бұл байқауды Қытайда CCTV-мен бірге өткіземіз деп ойлаймын.


Jibek Joly және Silk Way телеарналары биыл халықаралық медиа серіктестікті одан әрі күшейтіп, хабар тарату ауқымын кеңейтуде. Эфирге реалити-шоу, терең саяси талдаулар мен адамдар туралы оқиғалар жол тартады. Олардың ішінде «Үлкен дипломатия», «Заң мен тәртіп», «Life of a diplomat» және әлеуметтік бағыттағы басқа да жобалар бар. Маусымның ашылуында «Jibeк joly» радиосы да таныстырылды.


Наталья Буренкова, Jibek Joly радиосының басшысы:

- Біз көптеген жаңа жобалар дайындап жатырмыз.  Ең бастысы жаңа музыкалық радио форматын іске қосуды көздеп отырмыз. Ол үшін бірегей  әуезді де әуенді бағдарламалар құрылады. Қазір біз соңғы он жыл ішіндегі отандық эстраданы саралап жатырмыз. Бұл қазақ музыкасының жаңа толқыны. Жібек жолы радиосының ерекшелігі – біз тыңдарман қауымға тек қазақстандық шығармалармен ғана шектелмей, Орталық Азия өңірінің бай музыка қорын да ұсынатын боламыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?