Осылайша саяси науқанға қатысты қазақстандықтардың пікірін білуге бұл салада кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар құқылы. Олар тиісті құжаттардың көшірмелерін беруге және Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар етуге міндетті. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауалнамаға қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілетін өңірлер мен қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі. Сауалнама жүргізу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сауалнама жүргiзген заңды тұлғаны, тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауалнама жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауалнамаға қатысқандардың саны мен сауалнама жүргізу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi. Ал дауыс нәтижесі бойынша нақты болжам сайлаудың алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні, яғни 19 наурызда жария етілуі шарт.