ҚР Премьер-министрі отандық бизнес өкілдерімен көлік саласын дамыту әлеуетін талқылады

ҚР Премьер-министрі отандық бизнес өкілдерімен көлік саласын дамыту әлеуетін талқылады

Салалық министрліктер мен мемлекеттік ұйымдар және бизнес Қазақстанның көлік-логистикасын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегін талқылады. Астанада отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында ел Премьер-Министрі мен жергілікті іскер азаматтар автомобиль, теміржол, су және авиация көлігі салаларындағы ағымдағы жағдайына қатысты сындарлы диалог құрды. Олжас Бектенов Көлік министрлігіне биылғы 1 наурызға дейін теміржол құрылысына инвестицияларды қайтару тетігі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді жүктеді. Сондай-ақ, автомобиль көлігімен де жолаушылар тасымалын дамыту бойынша кешенді шаралар енгізу туралы ұсыныс көтерілді. Үкімет басшысы барлық бастамаларға қолдау білдіріп, әуежайлардың жұмысы үшін бәсекеге қабілетті жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ол көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекет пен бизнестің өзара белсенді іс-қимылын қажет ететінін тілге тиек етті. Сондықтан жеке инвестициялар тартуға басымдық берілуі тиіс. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?