Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмектің кезекті партиясын дайындауда

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмектің кезекті легін дайындауда. Қосымша жүк теміржол арқылы жөнелтіледі. Естеріңізге сала кетейік, кеше Ұлттық ұланның арнайы ұшағы Герат провинциясына шатырлар мен дәрі-дәрмектер жеткізген болатын. Қазақстанның гуманитарлық көмегін Ауғанстан елінің табиғи апаттың салдарымен күрес жөніндегі штаб өкілдері қабылдады. Олар қазақстандықтарға алғыстарын білдірді.

Гарвал Абдул Саттар, Жер сілкінісі салдарымен күрес  жөніндегі штаб өкілі:
-
Ең алдымен біздің басымызға түскен аса қиын шақта көмек қолын созған Қазақстан халқына, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтамыз. Жүкті қабылдағаннан кейін арнайы комиссия оның қайда жіберілетінін талқылап шешім қабылдайтын болады. Қазір қаза тапқан жандарды жер қойнауына тапсырып, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп жатырмыз. Жапа шеккен әрбір дамға барынша көмек жасауға дайынбыз.  Себебі бүгін таңғы сағат 05:00-де қазақстандық құтқарушылар жұмыс істеп жатқан аумақта тағы бір жер сілкінісі болды.

Қазірдің өзінде Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы Наиброфи елді-мекенінде 76 учаскені қираған қабырғалар мен үйінділерден тазартты. Сонымен қатар, апаттар медициналық орталығының дәрігерлері жергілікті тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуде. Естеріңізге сала кетсек, Ауғанстанға төтенше жағдай министрлігінің жедел-құтқару жасағы барды. Оның құрамында 45 адам барлық қажетті құрал-жабдықтарымен қаруланған тәжірибелі кинологтар, дәрігерлер мен өзге құтқарушылар бірден іске кіріскен.