Көздеген мақсаты- гендерлік теңдіктің сақталуы. Оны Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі еліміздің ұлттық пошта операторымен бірлесіп әзірледі. Акция аясында арнайы постерлер әзірленген. Олар республиканың екі мыңнан астам пошта бөлімшелеріне ілінді. Арнайы QR-код көмегімен онлайн сауалнамаға өтуге болады. Ол әйелдер құқығын қорғау тақырыбына арналған.
Элнара Байназарова, БҰҰ Қазақстандағы БАҚ және коммуникация бойынша кеңесшісі:
- Біз не ұсынып отырмыз, соңғы 10 жыл көлемінде қай бағытта жұмыс істедік, соңғы кездері осыған баса мән берудеміз. Атап шығар болсам, бұл әйелдердің саяси және экономикалық әлеуетін арттыру, қатып қалған гендерлік ережелермен күрес шаралары дер едім. Әсіресе осы бір шеңберден шықпайтын ой-пайымдарды, патриархалдық кесімді пікірлерді өзгерту бағытында көп дүниелер жасадық.
Биыл халықаралық әйелдер күні нәзік жандылардың технологиялық салалардағы белсенділігі тақырыбына арналып отыр. БҰҰ дерегі бойынша әлем елдеріне шаққанда бұл саладағы қыз-келіншектер қауымының үлесі ерлермен салыстырғанда 28 % аз. Ал басшылық қызметте ұжымды ұршықтай иіріп отырған әйелдер саны тіпті жұтаң дейді сарапшылар.
Элнара Байназарова, БҰҰ Қазақстандағы БАҚ және коммуникация бойынша кеңесшісі:
- Егер инженерлік, технологиялық салалардағы басшылық қызметтерді есепке алатын болсақ, айырма тіпті үлкен: жалпы кадрлардың 3-тен 17 проценті ғана осы салаларда түрлі қызметке ие. Биыл барлық тақырып: цифрландыру, ғылыми-технологиялық, инженерлік, жасанды инттелектті дамыту салаларын қамтып отыр.