Грек халқының ұлттық тағамдары өзіндік дәмі және сан алуандығымен ерекшеленеді. Көптеген диетологтар салмақтан арылу үшін грек тағамдарының принциптеріне негізделген Жерорта теңізінің диетасын ұсынып жатады. Себебі грек халқы пайдалы өнімдерді қолданады. Көкеністің түр-түрі, жасыл желектер, ірімшік, теңіз өнімдері, жемістер және ең бастысы – зәйтүн майы.