Түрік мәдениетінде таңғы астың орны ерекше. Ол – жаңа күннің бастауы. Сондықтан да таңғы ас пайдалы, сіңімді әралуан болатынын айта кеткен жөн. Таңғы аста міндетті түрде жұмыртқа қосылған тағамдар, ірімшік, қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, зәйтүн, шұжық, джем түрлері, жаңа піскен наубайхана өнімдері мен қою қара шай болады.