«Ұзақ қыстан арып-аршып шыққан адам әлсіз келеді», – дейді ұйғырлар. Осындайда бойға күш-қуат беретін дәруменнің бірі де бірегейі – қарапайым жоңышқа өсімдігі. Ұйғыр халқы дәл көктемнің басында енді ғана құлақтана бастаған жоңышқа сабағын теріп, одан үш рет тұшпара әзірлейді екен. Тағамның атауы – «көк чөчра» яғни, «көк тұшпара». Бағдарламамыздың дәстүріне сай халық арасында көп естімеген ұйғыр халқының ұлттық тағамын дайындауды бірге үйренейік!