Бүгінгі мәзірдің тағамдары табиғи, пайдалы және өте дәмді өнімдерден тұрады. Бұл дегеніміз – ірімшіктің түр-түрі, балғын көкөністер, құнарлы етпен тіл үйірер тәттілер. Осының бәрі Жерорта теңізінің талғампаздығы мен Кавказдың жомарттығын үйлестірген Ахыска түріктерінің тағамдары.
Қазақстанда аталмыш халықтың ең үлкен диаспорасы тұрады – жүз мыңнан астам адам. Зор ауыртпалыққа қарамастан, Ахыска түріктері өз мәдениетін, салт-дәстүрін, сондай-ақ ұлттық тағамдарын да сақтап қалды.