Гонконг коронавирустың өршуіне дайын болмай шықты. Мемлекеттік емдеу орындарында бір де бір бос орын жоқ, барлық палата науқастарға толы. Өткен аптадан бері ауа райының суықтығына қарамастан, дәрігерлер ауруларды аурухана тұрақтарына орналастыруға мәжбүр болды. Қазір мұнда ауа температурасы сынап бағанасы бойынша +14-16 градусты құрап отыр. Сарапшылардың айтуынша, ахуалдың бұлай ушығуына жергілікті үкіметтің тұрғындарға ауру белгісі байқалған бойда дәрігерге қаралуға кеңес беруі себеп болып отыр. Гонконгта аурудың деңгейіне қарамастан барлық науқас ауруханаға жатқызылады.
Дэвид Чан, Денсаулық сақтау қызметкерлері одағының төрағасы:
- Бізден барлық науқасты палаталарға орналастыруды сұрады. Қазір расталған жағдайлардың көпшілігі қарапайым палаталарға орналастырылып жатыр.