Ағзада D дәруменінің жоғары деңгейде болуы COVID-19 жұқтыру қаупін төмендетпейді. Ұлыбританияда коронавирустың алдын алуға арналған клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің қорытындысы осыны көрсетіп отыр. Зерттеуге 6 мыңнан астам ерікті қатысты. Олардың жартысы ағзаларындағы D дәруменінің деңгейін жүйелі түрде сынақтан өткізіп, созылмалы жетіспеушілік жағдайында бұл заттың үлкен дозасын қабылдаған. Зерттеу 2020 жылдың желтоқсанында басталып, 2021 жылдың шілдесінде аяқталды. Ғалымдар еріктілердің ағзасындағы D дәруменінің концентрациясының жоғарылауы альфа және дельта штамдарын жұқтыру қаупін төмендететіні туралы маңызды дәлелдер тапқан жоқ.