Қазақстандықтар кезекті Гиннес рекордын орнатты! Жерлестеріміз бұл жолы кубик-рубиктен құралған әлемдегі ең үлкен екі жақты мозайка жинады. Бұл ерекше жетістік Алматы қаласының туған күнін ұлықтау кезінде орын алды. Жеңіс Айтжанов бастаған топ 5 мыңнан астам механикалық текшелерді бір композицияға жинау үшін жарты күн, яғни тура 12 сағат уақыт жұмсады. Олар осы ауқымды істі жүзеге асыру үшін бір жарым жыл дайындалған. Бұл идеяны Гиннестің рекордтар кітабынан алған. Онда дәл осындай мозайка құрылды. Отандық сиқыршы кезінде Ұлыбританияның ресми өкілдігі тіркеген рекордты жаңартты. Жеңіс Айтжанов жиналған паноны жақында мегаполисте жаңадан ашылатын заманауи өнер мұражайына сыйға тартуды жоспарлап отырғанын айтады. Айта кетейік, бұл – отандық сиқыршының Гиннес Кітабына тіркелген бесінші рекорды.