Қазақстанда жыл соңына дейін 8 өндіріс нысаны іске қосылады. Астана әкімдігінің хабарлауынша, олардың басым бөлігі құрылыс саласы өнімдерімен тығыз байланысты. Мәселен, фиброцементті плиталар мен газ бетонын шығаратын 2 бірдей зауыт өз жұмысын бастайды. Жоба шеңберінде жабынды аңғар мен арнайы материалдар қоймасының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар сыртқы және ішкі құрылыс жұмыстарына арналған панелдердің өндірісі жолға қойылады. Бұған қоса темір бетонды бұйымдар жасап шығаратын зауыт іске қосылады. Және бір жаңалық лифтқұрылысы зауытына қатысты болмақ. Жыл соңына дейін астаналық өндіріс орындарының санын терезе мен балкон жабдықтарын шығаратын кәсіпорын толықтырады.
Айта кетейік, аталған өндіріс орындарына құйылатын қаржы көлемі
шамамен 12 млрд теңгені құрайды.