Ел Үкіметі туризм саласын дамытудың 2023-2029 ж.ж. арналған тұжырымдама жоспары қаралды. Құжат туристік аймақтардың инфроқұрылымын жаңғырту, қызмет көрсету сапасын арттыру, яғни саланың әлеуетін барынша кәдеге жаратып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ете түсуге бағытталған. Мәселен, Балқаш, Қапшағай, Алакөл, Баянауыл мен Бурабайға апаратын жаңа жолдар төселіп, инжерерлік желілер тартылады. Қосымша суда құтқару станцияларын құру және саланы автоматтандыру көзделген. Жаңа әуе бағыттары ашылып, қонақ үй бизнесі сынды қызмет көрсету түрлеріне талап күшейтіледі. Нәтижесінде, 2030 жылға дейін ішкі туристер санын 11 млн, ал шетел саяхатшыларын 4 млн адамға дейін жеткізу межеленген.