Ел астанасы Парижде жүздеген адам көшеге шығып, билікке үндеу жасады. Шерушілер «Біз үлкен қасірет алдында тұрмыз, дереу әрекет ету керек» деп ұрандатты. Ереуілшілердің дені – жастар, жоғары оқу орындарының студентттері. Манифестанттар елде жасалатын жарнамалардың санын қысқарту керек дейді. Олардың айтуынша, жарнама табиғи ресурстарды шамадан тыс тұтынуға әкеледі.