Қашықтан сұхбаттасу. Бұдан былай еліміздің электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер түйіндемесін
орналастырған үміткермен бейне байланыс арқылы әңгімелесу өткізуге мүмкіндік
алды. Ол үшін тараптарға қосымша қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ. Бұл қызмет
тегін және жеке кабинетте қолжетімді. Жұмыс беруші қашықтан өтетін сұхбаттың
күні мен уақытын белгілеп, жұмыс іздеушіге бейнеқоңырауға қосылуға белсенді
сілтеме көрсетілген шақыру жібереді. Егер ол бұған дайын болса, онда тек
белгіленген уақытта қоңырауға қосылу жеткілікті.
Әйгерім Мырзалы,
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы департаментінің бас сарапшысы:
-Бейнеәңгімелесу форматы жұмыс берушіге уақытты үнемдеуге, егер кандидат
жолсапарда болса, көп сатылы іріктеу кезеңінде кездесуді кейінге қалдырмауға,
сондай-ақ бос жұмыс орнын толтыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.