Референдумның түпкілікті қорытындысы шықты

Референдумда дауыс бергендердің 77,18%-і Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдады. 5 маусымда өткен дауыс берудің соңғы нәтижесі осындай. Бұл туралы брифингте орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Оның айтуынша, сайлауға қатысу құқығы бар 11 млн 700 мыңнан астам азаматтың 8 миллионға жуығы өз азаматтық ұстанымын білдірген. Референдумға респонденттердің 68,05%-і қатысты.

Нұрлан Әбдіров,  Орталық референдум комиссиясының Төрағасы:

– Осылайша «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өткізілді деп есептеледі. Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді. Референдумда қабылданған өзгертулер мен толықтырулар референдумның қорытындылары туралы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.