Қазақстанда жаңа газ кен өндірісі іске қосылды

Қазақстанда жаңа газ кен өндірісі іске қосылды

Жобаны іске қосудың арқасында Қызылорда өңірі тұрғындарының қажеттілігін өтеу үшін жылына қосымша 100 млн текше метрге дейін көгілдір отын жеткізіледі. Ұлттық компанияның мәлімдеуінше, үстіміздегі жыл саңына дейін Рожков кен орнында да газ өндірісі қолданысқа берілмек. 2024-2025 жылдары Орталық Өріктау кен орнынан өнім тасымалдау жоспарда. Бұл жылына қосымша 1 млрд текше метр газды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, 2027-2030 жылдарға қарай Қаламқас және Батыс Прорва кен орындарынан 2 млрд текше метр тауарлық газ өндіріледі деп күтіледі. Мұның бәрі 2030 жылға дейін ішкі нарықты қосымша 6 млрд текше метр көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.