Қазақстанда теміржол қатынасы толық қалыпқа келді. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының хабарлауынша, бұған дейін қатынас тоқтаған Мақат, Арал-Теңіз, Бейнеу, Маңғыстау, Сексеуіл станциялары ашылды. Сондай-ақ қазір жол бойында кідіріп қалған пойыздар өз бағыты бойынша жүріп жатыр. «Қазақстан темір жолы» компаниясында өткен күндердегі кешігуге байланысты кестеге өзгерістер енгізілетінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген бағытта жолға шығудан бас тартқан жолаушыларға билет ақысы толық қайтарылады.
Авторы: Әсел Күшенғалиева