Үкіметте мемлекеттік заттай гранттар түрінде жер телімдерін беру мәселелері қаралды

Үкіметте мемлекеттік заттай гранттар түрінде жер телімдерін беру мәселелері қаралды

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитеті соңғы 18 жылда 2 триллион теңгеден астам қаржы тартты. Бір жарым мыңға жуық инвестициялық келісімшартқа қол қойылды. Оның ішіндегі 125-і қызмет көрсету саласына тиесілі. Инвесторлар қойма орындары, білім беру, денсаулық сақтау, қонақ үй қызметтері, жолаушылар тасымалы саласындағы нысандардың құрылысына қаржы салды. 216-сы бойынша заттай гранттар түрінде жер қарастырылған. Нәтижесінде 37 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Үкімет басшысының төрағалығымен өткен Инвестициялар жөніндегі штаб отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті. Оның айтуынша, мемлекеттік заттай гранттар Қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша беріледі. Оның үстіне тауарларды өндіру және қызмет көрсету саласында да сауда-саттық, аукциондарын жүргізуді талап етпейді. Заттай гранттарды әкімдіктер Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен келісе отырып бөледі. Премьер-Министр Әлихан Смайылов жауапты мемлекеттік органдарға заттай гранттар түрінде жер телімдерін берудегі құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді өзектендіруді тапсырды.