Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы
мен Иван Панфиловтың туған күндеріне орай есімдері ұлықталды. Даңқты
қолбасшылардың ескерткіштеріне елорда жұртшылығы гүл шоқтарын қойды. Аты аңызға
айналған батырлардың есімдерін бүгінгі ұрпақ мақтанышпен еске алады. Бұған жас
сарбаздардың бүгінгі кездесуге келуі дәлел. Себебі Бауыржан Момышұлы мен Иван
Панфилов сұрапыл
соғыста ер жүрек батырлығымен, қайтпас қайсарлығымен, тапқырлығымен ерекшелене
білді. Бүгінгі іс-шара да ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтау мен насихаттау
арқылы өскелең ұрпақтың бойында ұлтжандылық
пен қайтпас қайсарлық, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға өз септігін тигізері
анық.
Бақытбек Смағұл, «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының
төрағасы:
- Еркіне ен салдырмаған, халқының намысына қара күйе
жұқтырмаған, қандай қиын-қыстау заманда осы бір ұстанымы алып шығып отырған
Бауыржан Момышұлының өр рухы бүгінгі тек қана әскери саласындағы сарбаздарға
ғана емес барша жастарға өнеге. 02,04
Авторы: Әсел Күшенғалиева

