Сенатта Қазақстанның мемлекеттілігі туралы кітаптың тұсауы кесілді. Танымал отандық ғалым - Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Америка мен Еуропадан табылған төл мемлекетіміздің негізгі даму кезеңдерін қамтитын 130 көне картаны бір жинаққа топтастырған. Тың еңбекке енген деректер 1562-1879 жылдарға дейінгі өткеніміздің ақтаңдақ беттерін түгендейді. Профессордың айтуынша, өзге елдермен сауда-саттық, экономикалық, мәдени және дипломатиялық байланыстар орнату арқылы Қазақ хандығы ғасырлар бойы өзін сенімді серіктес ретінде танытқан.
Айта кетейік, Мұхит-Ардагер Сыдықназаров карталарды жинау барысында әлемдік беделді ғылыми орталықтар мен кітапханалармен бірлесіп жұмыс жүргізген.
Сенаторлар еңбек авторына ғылым үшін тарихи құндылық болып табылатын және қоғамға қазақстандық халықаралық саясаттың жаңа қырларын ашатын ауқымды зерттеу жүргізгені үшін алғыс білдірді.