Түркияда Жамбыл есімі ардақталды

Түркияда Жамбыл есімі ардақталды

Түркияда Жамбыл есімі ұлықталды. Жыр алыбының 175 жылдығына орай Анкарадағы оның есімі берілген көшеге ескерткіш тақтайша орнатылды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары QR-код арқылы Жамбыл Жабаев жайлы түрік тілінде бейнебаян мен жазбаша деректерге қол жеткізе алады. Салтанатты шара барысында ақынның ұстазы Сүйінбай Аронұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Рәсімді Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен халықаралық ТүркСОЙ ұйымы және Кечиөрен муниципалитеті ұйымдастырған.

Еске салсақ, Анкарадағы Жамбыл көшесі 2017 жылы ашылған.

Тургут Алтынок, Кечиөрен муниципалитеті мэрі:

- Жамбыл – тек қазақтың емес, түбі бір түркі жұртының ақыны. Мұны жас ұрпағымыз білуі тиіс. Ол үшін осы текті шаралар санын асыру қажет. Сондықтан Кечиөрен ауданында қазақтың ақын, жазушы және тарихи тұлғаларының есімімен аталған көше, саябақ саны өте көп. Ескерткіштер де бар. Дегенмен біз мұнымен тоқтамаймыз. Алдағы уақытта басқа да керемет жаңалықтармен бөлісеміз.

Тілек Махамбетжан, студент:

- Түрік елінде Қазақстан Республиканың студенті болу қуаныш. Себебі Түркияның қай қаласына барсаңыз қазақтың қазақ ескерткіштерін, олардың атына берілген көшелерді көрсеңіз болады. Ол жерлерде біздің Орталық Азиялық, соның ішінде қазақ екенімізді таниды, қонақжайлылықтарын танытады. Шет елде жүрген біз үшін қуантарлық жағдай.