Алматыда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері 101 жасқа толды. Қарт
майдангерді туған күнімен әскери қызметкерлер құттықтап, Қорғаныс министрінің
игі тілегін жеткізді. Василий Зинченко соғысқа небәрі 17 жасында аттанған.
Ленинград, екінші Украина және Белорусь шебінде ұрыстарға қатысты. Сталинградты қорғап, Польша мен Украинаны
азат етуге қатысты. Берлинге батыл шабуылдың арасында болды.
Василий Зинченко, Ұлы отан соғысының ардагері:
- Польшаға кірген кезде мен барлау қызметінде болатынмын. Мені бірақ ұстап
тұрды. Бір аптадан кейін шақыртып алды. Содан кейін майдан даласына аттандым.
Польшадағы ұрыстарға қатыстым.
Соғыс аяқталғаннан кейін жауынгер Алматыға оралды. Осындағы сүт
комбинатында ұзақ жылдар еңбек етті. Жұбайымен 73 жыл бір шаңырақ астында өмір
сүріп, 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, өсірді. 13 немере, 2 шөбере сүйді.
Василий Зинченко, ардагердің ұлы:
- Осы үйді әке-шешем өз күштерімен салған. Соғыс жыдарынан кейін қиындық болды. Ақша жоқ. Жетпейді. Әкем көлік жүргізушісі болып, анам дүкенде жұмыс істеді. Көршіміз кірпіш түсіріп берді. Ол бетонмен жабысқан болатын. Әкеміз бізге балға секілді бөлшектейтін құралдар жасап берді. Солардың көмегімен кірпішті бетоннан тазартатынбыз. Жұмыс бітпейінше не биге, не саябаққа жібермейтін.
Василий Зинченко майдан даласында батылдық пен ерлік танытты. Сол үшін «Ұлы
Отан соғысы» және «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін»
және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.

