Әзірлеме Еуразия ұлттық университеті зерттеушілерінің өнертабысы. Өнімді алдағы уақытта Абай ауданындағы Ядролық технологиялар паркінің базасында шығару жоспарлануда. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, химия және металлургия өнеркәсібінде пайдалану үшін оны дайындауда соңғы радиациялық әдістер қолданылады. Атап айтқанда ол – беріктігі, серпімділігі және күн радиациясына төзімділігі бар экоөнім. Кабель резеңкенің арнайы сорттарын полимерлі қоспалармен радиациялық өңдеу арқылы өндіріледі. Мұнда сонымен қатар жылу шығынын бірден 30%-ке азайта алатын бірегей гидро, шу және жылу изоляторын, сондай-ақ, егін өнімділігін және құрғақшылыққа төзімділікті арттыру үшін инновациялық гидрогель шығарылады. Айта кету керек, Ядролық технологиялар паркінің барлық өнімдері коммерцияландыруға және инновациялық өндіріске бағытталған. Болашақта – ішкі және сыртқы нарықтарды қамту жоспарда бар.
Александр Борисенко, «ядролық технологиялар паркі» ақ басқарма төрағасы:
- Биыл біз радиациялық модификацияланған сым және кабель өнімдерін шығаруды жолға қоямыз. Бүгінде ол үлкен сұранысқа ие. Біз кабельдің бірнеше түрін шығарамыз, атап айтқанда мұнай өткізу құрылғыларының кабелі, суасты кабельдері мен күн электр станцияларына арналғандары. Бұлар нарыққа өте қажет. Бұл өнімдерге арнайы талаптар қойылған. Әсіресе, ыстыққа төзімді болуы шарт. Сұраныс жоғары болғандықтан, инвесторлар да тез табылды. Атап айтсақ, кабель зауыты өнімдерді шығаруға қызығушылық танытып отыр, біз оны биылдан бастап шығара бастаймыз. Біз сондай-ақ энергетика саласына, мұнай-газ саласына өнім шығарамыз.