Елордада «Азия жаңғырығы» 13-ші Халықаралық цирк өнерінің фестивалі басталды. Жаһандық деңгейде танылған беделді байқау көптен күткен оқиға болды. Пандемия салдарынан екі жыл қатарынан шымылдығы түрілген жоқ. Бұл жолы барлығы әлемнің 13 елінен келген өнерпаздар шеберлік байқасады. Манежде отандық артистермен қатар Венгрия, Италия және ТМД елдерінің өкілдері өнер көрсетпек. Барлығы – 86 қатысушы. Екі бағытты бағдарлама әуе гимнасттарының бас айналдырар қойылымдары мен клоундардың шоулары сынды цирк өнерінің барлық жанрларын қамтиды.
Ерік Жолжақсынов, Нұр-Сұлтан қ. циркінің бас директоры;
– Бізде бірнеше жүлде жиынтығы бар. Үш алтын, үш күміс және үш қола медаль. Бас жүлде ол әрине гран-при. Қала әкімі тіккен және көрермендер көзайымы аталымының иегерлері анықталады. Қонақтар өздері ала келген арнайы сыйлықтар өнері жоғары деңгейде бағаланған қатысушыларға беріледі.
Ертең шетелдік цирк өнері майталмандарының қатысуымен арнайы баспасөз маслихаты ұйымдастырылады. Фестиваль 28-ші тамызға дейін жалғасады.