Жарқын бояулар, батыл бейнелер, ұлттық нақышқа толы ерекше картиналар. Бас шаһарда халықаралық «Арба» көрмесі ашылды. Экспозиция Орталық Азия суретшілерінің саналуан шығармаларын біріктіреді. Онда абстракция, символизм тіпті модерн бар. Көрмеге жалпы 12 автордың 110-нан астам жұмыстары койылған.
Жырғалы Матұраимов, суретші, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
– Менің жұмыстарым көптеген мемлекеттерде, оның ішінде Түркия, Қытай, Франция, Иран, Ресей, Өзбекстан, және әрине Қазақстанда қойылды. Бірақ бәрінен де Қазақстанда көбірек көрмелер өтті. Әсіресе Алматыда. Мені осы шараға шақырғандарына өте қуаныштымы. Өмір ол адамдар бірі бірімен аралауы, танысуы, тануы деп білемін.
Ал Сұлтан Иляев - республикалық және халықаралық көрмелердің жиі қатысушысы. Отандық танымал суретші аталмыш экпозицияға өзінің 12 туындысын ұсынған. Олардың әрқайсысы автордың кез келген шекараны бұзып өтуге деген ұмтылысын ашық көрсетеді.
Сұлтан Иляев, суретші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Бұл көрмені мен басқаша – көрініс деп атайтын едім. Біздің жан дүниеміздің көрінісі, күн сәулесінің көрінісі, біздің қонақжайлыдығымыздың көрінісі. Әрине, әрбір суретші өз алдына жеке тұлға. Сондықтан суреттер әртүрлі сөйлейді. Жалпы, көрме 1 ай көлемінде жалғасын табады.