Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 19,2 млрд теңге несие берілді. «Бүгінде оның 10 млрд теңгеден астамы бірінші траншпен жіберілді», – деп хабарлайды Еуразиялық даму банкінің баспасөз қызметі. Бөлініп отырған қаражат 3 жыл ішінде көктемгі егіс егу және егін жинау жұмыстарын жүргізу барысында қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға, сондай-ақ астық нарығын реттеу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін күзгі уақытта сатып алуға мүмкіндік береді.
«Елдеріміздің экономикасының бірізді дамуына жан-жақты қолдау көрсету біз үшін маңызды. Агроөнеркәсіп кешені басымдықты салалардың бірі болып табылады», – деп хабарлады Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исенов.
Авторы: Әсел Күшенғалиева