Елімізде «OITEK» сәулет ғылыми-тәжірибе орталығы құрылды

Елімізде «OITEK» сәулет ғылыми-тәжірибе орталығы құрылды

Егеменді елдің өзгенің архитектурасына тәуелсіз төл сәулетін жаңғырту. Осы мақсатта елімізде «Oitek» сәулет ғылыми-тәжірибе орталығы ашылды. Оның негізін қалаушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Елтаңба авторы, «Сәулет» кафедрасының профессоры Жандарбек Мәлібекұлы.

Жаңа орталық ұлттық нақыштың негізінде өзіміздің заманауи сәулет өнерін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін тамыры терең тартқан дәстүрлі қала, ауыл, қоныстану мәдениетін зерттеп, іргелі теориялық және тәжірибелік жұмыстар жүргізу көзделіп отыр. Яғни, ел игілігі үшін өз құндылықтарымызға тән құрылыстың жаңа арнасын бастау. Орталық жаңа Қазақстанның келбетін көненің негізінде жаңаша түрлендіретін жаңа толқын сәулетшілерін шығаратын зертханаға айналмақ.

Жандарбек Мәлібекұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, елтаңба авторы, сәулетші:

– Мыңжылдықтар бұрын құрылған архитектурамыз бар соларды таныстыру. Балбал тастар, таңбалы тастар, жер асты пантеондары бар. Солардың бәрін зерттеп, зерделеп жер үстіндегі біздің ескертіштердің түгел қайтадан қалпына келтіру үшін реконструкцияға, ретоврацияға мамандар даярлауымыз керек. Сондықтан жер бетіндегі Қазақстандағы барлық ескерткіштерін алып энциклопедия мүмкін жасап шығарамыз. Сондықтан өзіміздің қанша тектілігімізді біле білсек соншалықты алға жылжимыз деп ойлаймын.

Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы еұу ректоры:

– Біздің де тарихымызда қала мәдениеті, тамаша-тамаша қалаларымыз болған. Оның тамаша архитектурасы болған. Оның бәрі үзіліп қалды. Соны жалғастыру мақсатында осы ағамыз – Жандарбек Мәлібековтың лабораториясы үлкен қызмет атқарады деген ойдамын. Өйткені біздің астанамызға жалпы Қазақстанның қалаларына ұлттық нақыштағы архитектура керек. Бұл ғылым-практикалық орталық. Осы жерде болашақ архитекторлар, әсіресе ұлттық нақышқа байланысты ой-өрісін дамыту мақсатында жастарды тәрбиелейтін орталық болады деген ойдамын.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов