Қазақстан Татарстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Қос тарап арасындағы тауарайналым көлемі жыл сайын артуда. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың 11 айында 557 млн долларды құрады. Осы ретте екі ел өзара сауда көлемін 1 млрд долларға жеткізуге мүдделі.
Айта кету керек, біздің ел Татарстанға мұнай мен мұнай өнімдері, аккумуляторлар, крахмал мен сары майды экспорттайды. Сондай-ақ Татарстаннан тоңазытқыштар, жылу сорғылары, полиэфирлер, шайырлар, поликарбонаттар импортталады.
Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазанда жұмыс сапарымен жүргенін айта кету керек. Мемлекет басшысының республикаға сапарының бағдарламасы Президент Рустам Миннихановтың қарсы алуымен бірге «Қазан Кремль» мемлекеттік тарихи-сәулет-көркем мұражай-қорығына барудан басталды.