Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ке көп. Саладағы капиталдың үлесі қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіпке салынған инвестицияның жалпы көлемінің үштен екі бөлігін және жалпы экономикаға бағытталған салымның үштен бір бөлігін құрады. Бұл ретте осы сегменттегі барлық қаражаттың 85%-і еліміздің мұнай-газ өндіруші аймақтарына тиесілі.
Атап айтсақ, Атырауға бір жарым трлн теңгеден астам, Ақтөбеге 336 млрд-қа жуық, Маңғыстауға 198 млрд-тан астам инвестиция құйылды. Сонымен қатар Қостанай, Қызылорда, облыстарында салым көлемі артқан. Жалпы капиталдың 90%-ке жуығы бизнестің жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Банктік емес қарыздар мен банктік несиелер бірашама аз.