Әлия Темірхан қазақстандық ғылымның айтулы өкілі. Ол жер
қойнауының терең шөгінділерінен мұнай өндіруге болатын инновациялық көбік
әзірлейді. Бұл технология экологиялық таза, үнемді және 20 пайызға дейін
қосымша мұнай алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғалым өз елінде жүріп
ойлап тапқан ғылыми тың идеяларды әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік жасау
үшін халықаралық университеттермен де ынтымақтастық орнатуды қолға алған.

