Қазақстандық ғалым Дана Өтебаеваның жобасы дыбыстық датчиктер
мен терең оқыту технологияларын пайдалана отырып, дрондарды анықтау жүйесін
әзірлеуге бағытталған. Бүгінде көкте қалықтаған дрон ешкімді таңқалдырмайтын болды.
Жерден басқару арқылы ұшу аппараттарының көмегімен қызықты түсірілімдер
жасалады, сәлемдемелер жеткізіледі, таулы немесе апат аймақтары сияқты адам
аяғы баспайтын жерлерді тексереді, ормандар мен егістіктерді бақылайды. Жыл
сайын дронға артылған міндет көбеймесе азайған жоқ. Десе де дәл осы
технологиялар адамға, тіпті бүкіл мемлекетке үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

