Қазақстандық ғалым Әлжан Байменов суды тазартуға арналған жаңа материалдарды іздеу үстінде. Оның бір жобасының тиімділігі дәлелденді. Зерттеуші екі компонентті біріктіретін зат әзірледі: 3D құрылымы бар полимер – криогель және 2D материалының жаңа түрі – максен. Оларды біріктірудің нәтижесінде магнит сияқты қызмет атқаратын құрам пайда болды. Ол суды тазартып, өзіне улы заттарды тартып, ұстап қалады.

